Үлгілік оқу жоспары
Танымдық дағды -аптасына 3 рет
Денсаулық дағды -аптасына 3 рет
Коммуникативтік дағды -күн сайын
Шығармашылық дағды -күн сайын
Әлеуметтік дағды-2 рет
Үлгілік оқу жоспары
Танымдық дағды -аптасына 3 рет
Денсаулық дағды -аптасына 3 рет
Коммуникативтік дағды -күн сайын
Шығармашылық дағды -күн сайын
Әлеуметтік дағды-2 рет
3топ "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
5 топ
Міндеттері:
балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді
дамыту; спортқа деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салты
дағдыларын дамыту; дене шынықтыруға баулу, дененің физикалық сапаларын: күш,
жылдамдық, шыдамдылық, икемділікті дамыту; дене шынықтырудың әртүрлі нысандарында шығармашылық, танымдық
және сөйлеу қабілеттерін дамыту;
балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының
үйлесімді қалыптасуына, жалпақ табандылықтың алдын алуға медициналықпедагогикалық бақылау жүргізу және ұлттық қимылды ойындар өткізуге жағдайлар жасау.
5 топ
Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады:
ерте жас тобы – 1 жастағы балалар; кіші топ – 2 жастағы балалар; ортаңғы топ – 3 жастағы балалар; ересек топ – 4 жастағы балалар;
мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.
6. Бағдарламаның мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл, бір жас тобында – 1 жыл.
7. Педагог балаға:
ненің «дұрыс» және ненің «бұрыс» екенін түсінуді; сыпайы және мейірімді болуды;
дос болуды, құрметтеуді, көмектесуді, бөлісуді;
қызығушылық танытуды, қоршаған әлемді бақылауды және зерттеуді; тыңдауды, түсінуді және саналы сөйлеуді;
қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен салауатты әдеттерді сақтауды; физикалық белсенділікке, соның ішінде белсенді қимыл ойындарын
ойнауды; өзі ойнауды;
ересектерге көмектесуге, еңбекқорлыққа;
ата-анасына, достарына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік пен
қамқорлық көрсете білуді, отбасын бағалауды; өзіне қамқорлық жасауға және ниетін білдіруге үйретеді
Мақсаты балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды дамыту болып табылады.
әртүрлі белгілері бойынша заттарды салыстыра алады (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы)
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорлық эталондар туралы түсініктерді, қарапайым математикалық ұғымдарды; құрастыру іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру; креативті және сыни ойлауды дамыту; азаматтық және патриотизмге баулу, ұлттық мәдениетті құрметтеуді қарастырады.
2 топ