

Күтілетін нәтижелер:
-негізгі қимыл түрлерінің бастапқы дағдыларын, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген;
-дене жаттығуларын орындауға ықылас танытады, ересектердің көмегімен өзін ретке келтіреді;
-тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттанған сезімін білдіреді;


Күтілетін нәтижелер:
сөйлеуді дамыту бойынша:
ана тіліндегі барлық дауысты дыбыстарды анық айта алады; сөздегі дыбыстардың орнын анықтайды; айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
артикуляциялық жаттығуларды жасауға қызығушылық танытады;
сөздерге дыбыстық талдау жасай алады; сөйлегенде зат есімдерді, сын есімдерді, үстеулерді, көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолданады;
зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып айтады; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді; хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданады; құрдастарымен өз бетінше қарым-қатынас жасай алады, әртүрлі ойындарды бірге, келісіп ойнайды;
әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қояды және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап береді; негізгі ойды дұрыс тұжырымдайды, өз пікірін айтады; әңгімелерді бірізді айтып береді; ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығарады;
бақылаулар мен сюжеттік суреттер бойынша әңгімелер құрастырады; әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті ұстайды; көркем әдебиет бойынша: шығармалардың мазмұнын эмоциямен қабылдайды;
себеп-салдарлық байланыстарды, әдеби жанрларды ажыратады;
өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқиды;
мазмұнның бірізділігін сақтай отырып, шығарма мазмұнын қайталап айтады;
кітаптарға қызығушылық танытады; кейіпкердің ерекшеліктерін жеткізу үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді; көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналауға қатысады;
рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын береді;

Міндеттері: денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
жүру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті сақтау қимыл түрлерін дамыту;
қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Мақсаты: денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайтатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимыл түрлерін дамыту

Міндеттері:
сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру арқылы қолды жазуға дайындау;
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;
коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;
түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты балалардың түрлі іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады

2-топ: Коммуникативтік дағдыларын дамыту

4 топ
Балалардың шығармашылық дағдыларын зеттеу қызметін дамыту
Мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту;
балалардың байқампаздығын дамыту;
көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.
42. Күтілетін нәтижелер:
ермексазды, сазбалшықты алақан арасында домалата алады;
жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі;
музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылық танытады;
музыканы эмоционалды қабылдайды;
музыкамен жүре алады;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;
музыканың сүйемелдеуімен ойын әрекеттерін орындайды;
таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдайды, оны соңына дейін тыңдайды;
ересекпен қосылып әннің кейбір сөздерін айтады;
балалар музыкалық аспаптарымен ойнайды;
жалаушаны желбіретеді, сылдырмақты сылдырлатады;
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындайды;
қимылдарды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеп, ойындар ойнайды.

1топ Физикалық даму

5топ әлеуметтік эмоциал дық дағдылар